Халық пікірі: Наурызды қалай қарсы аламыз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Наурызды қалай қарсы аламыз?

12.01.2024

2024-інші жаңа жыл төрлеткелі он күннен енді асып барады. Бірақ, алда жалпы түркі халықтарының ортақ мейрамы, қазақтың жаңа жылы әз-наурыз келе жатыр. Жыл өткен сайын бұл мерекенің мән-маңызы толығып, көркі одан әрі қызып келеді. Ал, ұлыстың ұлы күнін атап өтудің тағы қандай жолдары бар? Ел ұсынысына зейін салайық.

Алдымызда келе жатқан наурыз мерекесінің деңгейі жоғары болу үшін сол барлық істеген жақсылықтардың нәтижесін сол кезде айтып, сол кезде марапаттап, «Мінекей осындай жетістікке келіп жеттік!» десек +мен ойлаймын наурыз мерекесінің насихаты артар еді.

Қазақ халқы бұл мерекені ұмытқан жоқ. Қазіргі кезде жанданып қайтадан келе жатыр. +++ Балалар бұл мерекені асыға күтетіндей бір мерекеге әкелуіміз керек. Бұл міндет – үлкендердің міндеті.

Марапаттың бәрін сол кезге дайындау керек. + Жылдың аяғында біздің күтетініміз әр уақытта осы бір жылдық нәтижемізден премия аламыз деген сияқты ғой енді. Соның бәрін осы наурызға қарай марапаттаса құба-құп, өте тамаша.


Хабарламаларға жазылу