Қазақстанда облыстық маңызы бар қала пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда облыстық маңызы бар қала пайда болды

14.01.2024

Сәрсенбіде еліміздің Алматы облысында жаңа қала пайда болды. Алатау деп аталады.«Жетіген» деген әп-әдемі атауын қалдыра бермеді, оның үстіне «жете» көне түркі сөзі, «Қазақ» деген мағынаны білдіреді деген пікір бар – осылай деп жазды кей азамат. «Жете» «Қазақ» дегенді білдіреді деп пайым жасаған ғалым, ф.ғ.к., саясаттану докторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаров. 

Алатау қаласы негізінен Жетіген, сосын барып Жаңа Арна, Еңбек Құйған ауылдарынан құралады. Өкімет күшті қаржылық, өндірістік, логистикалық орталық болады деп жариялады. Болсын. Тек қуаныш сезіміне жетелейді. Ал қуаныш сезіміне бөлену жолы «тар жол, тайғақ кешу» екенін түйсінетін болар. Тұрғын үйлердің 90-95 процентін көмір немесе газбен жылитын жеке сектор құрайды. Тұрғындардың айтуынша, жұмыс істейтін жұрттың 70 проценті Алматыға қатынайды. Таң атпай шығады, түн қараңғысында қайтады. Қазіргі өмірлері сондай. Мұны айтпақшы «маятниктік миграция» дейді. Ауылдағылар үлкен қалаларға қалай ағылмайды- тұрып жатқан жерінде жұмыс болмаса, перспектива болмаса. Содан да бізде урбанизиация проблемасы өткір. Мектеп, емхана-аурухана, баспана жетпеген қалалардағы әлеуметтік проблемалар қордалана береді, қордалана береді. Қала жасақталатынына бәрібір елең ете қаласың. Қазіргі жағдайы мен жоспар туралы Қуан Нұрақынның репортажы. 

Шырын, Алатау қаласының тұрғыны: 

Саяхатқа барып қайтудың өзіне 2,5 сағат кетеді ғой. ГРЭС-ке дейін екі сағат жүріп қалады. Кептеліс таңертең. Автобустың өзінде адамдар көп. Отыру мүмкін емес болады. Сондықтан таксимен жүру керек. Ал такси қымбат. 

Халықтың мал жаятын жері жоқ. Кешке жақын балалардың ойнайтын жері жоқ. Мәдениет үйінің түрі анау сынып тұр. Қала статусын алып жатқаннан кейін біз көп үміт күтеміз үкіметтен. 

«Өмірің гүлді, өмірің нұрлы, жадыра, жайдарлым» деп Нұрғали Нүсіпжанов шырқайтын «Алатау» әнін Алатау қаласының жастары әнұранына айналдырар ма екен?.

Бұл аптадағы тағы бір жаңалық, Қазақстанда облыстық маңызы бар қала пайда болды. Президент бас жоспарын мақұлдап, «Алатау» деген атау берілді. Қазір құжат үкіметтің қарауында. Бұғандейінхалықпенжиынөткізіліп, жергілікті мәслихаттардың шешімі қабылданды. Нақтырақ айтсақ, Іле, Талғараудандары мен Қонаев қаласыныңәкімшілігінеқарайтынбірнешеелдімекен «Алатау» қаласының аумағына қосылды. Қазіронда 52 мыңнан аса адамтұрады. Шаһардыдамыту 2050-шы жылғадейін жоспарланған. Жоба үкіметпен бекітілсе, жұмыс басталуы тиіс. Қала жоспар бойынша инвесторлардың есебінен бой көтереді. Ал, жер учаскесімен, инфрақұрылыммен және инженерлік желілермен қамтамасыз ету мемлекеттің құзырында. Ауқымды жобаның авторлары мен жергілік жауапты орган өкілдері қала құрудағы басты мақсат – контрмагниттік тәсілмен, яғни Алматы қаласына түскен ауыртпалықты сыртқа шығару дейді. Ұлттық экономика министрлігінің болжамды дерегінше, жобаның толық жүзеге асуына 47,3 теңге қаражат кетеді. Бұл жаңалықты жергілікті тұрғындар қалай қабылдады? Қала аумағына кірген елді мекендердегі халықтың қазіргі жағдайы қалай? Жоба туралы Қуан Нұрақын тарқатып берсін.

Қуан Нұрақын, Тілші:

Бұл қалашықты Алатау қаласының бастауы деуге болады. Осыдан 16 жыл бұрын салынып басталған нысаның құрылысы ондаған жыл тоқтап тұрып, екі жыл бұрын қайта жанданған. Қазір Алатауға қосылды. Әзірге жаңа қаланың жаңа нышаны осы ғана. Ал мына мен тұрған көпірден жаңа шаһар бастау алады. Оң жағымда Мегаполис Алматы, ал солжағымда, мына жолдың бойымен, Қонаев қаласына дейін ұзындығы 65 шақырымдық Алатау қаласы бой көтереді.

Заманауи шаһар республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолының бойына салынады. Жалпы аумағы 88 мың гектарды алып жатыр. Әкімшілік орталығы бұрынғы – Жетіген ауылы. Жетігенді қоспағанда 11 елді мекен Алатауға қосылды. Жол бойында қойын жайып жүрген азамат өзін Алатау қаласына қосылған Еңбек ауылының тұрғынымын деп таныстырды. Туған жерінің қала статусын алғанына қуанышты. Жаңа шаһардан не күтесіз деген сұраққа бірінші жұмыс орындары ашылса дейді.

Азамат Сатыбалдиев, Еңбек ауылының тұрғыны:

Көбісі қалаға қатынайды. Қаладан бері Жетігенге келудің өзіне бір жарым сағат кетеді. Одан ары ауылға кету керек. Оның өзінде мына жақта такси күтіп тұрасың. Сағат 11-де жетесің. Жұмыстан шаршап шығасың. Мектеп бәрін салып жатыр. Больница ғана жоқ бізде. Больница бар ескі бірақ. Сонысалыпберсежақсыболареді.

Болат Аманжолұлы Алатау қаласының бас жоспарына жауапты адам. Сәулетшінің сөзінше, бірінші кезекте қазір халық тұрып жатқан елдімекендердегі мәселелерге басымдық беріледі. Ондаған ауыл енді бұрынғыдай ауданға емес, облыс орталығы Қонаевқа қарайды.

Болат Мұсылманбеков, Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

Алатау қаласының келесі кезеңдегі тіршілік әкімшілік бірлік болады. Бұл жерде өзінің әкімшілігі болады. Өзінің штаттық адамдары болады. Барлық мәселелер өзінікі болуы тиіс. Бірінші кезекте халқы бар елдімекендерді қамтиды. Барлығын бірден салып кетеміз деген сұрақ тұрған жоқ.

Жаңа ғана «Еңбек» ауылының азаматы айтып кеткендей, қазір елдімекендердегі халықтың дені жанбағыс үшін 60-70 шақырым жердегі Алматыға қатынайды. Біз орталыққа қарай жолай көлік тосып тұрған тұрғынды ала кеттік. Жарты сағат тұрып қалдым деген азамат жұмысқа барып-қайту қиын екенін айтады.

Шырын, Алатау қаласының тұрғыны:

Саяхатқа барып қайтудың өзіне 2,5 сағат кетеді ғой. ГРЭС-ке дейін екі сағат жүріп қалады. Кептеліс таңертең. Автобустың өзінде адамдар көп. Отыру мүмкін емес болады. Сондықтан таксимен жүру керек. Ал такси қымбат.

Болат Аманжолұлы әу бастағы қаланы құру идеясы, «Алматыға ағылған халықтың санын азайту»дейді. Осы ауылдар бар, басқа елдімекендер бар, қазір күн сайын жарты миллион адам мегаполиске қатынап жұмыс істейді.

Болат Мұсылманбеков, Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

Сүйікті қаламыздың ішінде салатын жер қалмай қалды. Автотранспорт кептелістері көп болып кетті. Экологиялық қиыншылықтар туындады. Сол мәселелерді шешу ретінде контрамагниттер төңіректе пайда болуы керек. Ол бірінші контрамгнит ол Қонаев қаласы. Қапшағай су қоймасының жанында. Екінші контрмагнитіміз осы Алатау қаласы.

Сәбит Жұмашұлы, Құйған ауылының тұрғыны:

Біз совхоз тарағалы осында тұрып жатырмыз. Көп ел жұмыс жоқ деп ауылдан көшіп кеткендер көп болды. Бірақ біз өзіміз осында қалдық. Азын-аулақ малымыз бар.

Сәбит Жұмашұлы – Алатауға қосылған Құйған ауылының тұрғыны. Айтуынша, елді мекенде қордаланған мәселе көп.

Халықтың мал жаятын жері жоқ. Кешке жақын балалардың ойнайтын жері жоқ. Мәдениет үйінің түрі анау сынып тұр. Қала статусын алып жатқаннан кейін біз көп үміт күтеміз үкіметтен. Балаларын, немерелерін бағып отырған кемпір, шал бар бұл жерде. Жастарға жұмыс жоқ. Ең үлкен мәселе сол. Жоба бойынша Алатауда 2050 жылға дейін 168 заманауи мектеп, 219 балабақша, 102 емдеу мекемесін салу жоспарланған. Сонымен қатар, 40 мың студент оқи алатын академиялық қалашық бой көтермек. Бірден айтайық, қандай оқу орындары көшірілуі мүмкін, дәл қазір ресми ақпар жоқ.

Құрманжан Атшиев - жаңа қаланың құрылуына алғашқы болып қуанған жандардың бірі.Ардагердің айтуынша, өңірдің даму әлеуеті жоғары.Ауа райы да шаруаға қолайлы.Шаһардың географиялық орналасуы да инвесторларды қызықтырады.

Құрманжан Атшиев, Жетіген ауылының тұрғыны:

Бұл аймақтың ең бір ерекшелігі - төрт жолдың торабы. Барлық темір жолдың бағыты осы жерден тарайды. Ол бір. Екінші автомагистраль да сол жерден өтеді. Осыдан айналып Қарағанды, Астанаға кетіп қалады. Алматыға кірмейтін үлкен мүмкіндігі бар.

Болат Мұсылманбеков, Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

Егер үлкен картаға қарасақ, батыс Еуропа мен шығыс Азияның тура ортасы. Картадан қарасақ. Ол жағынан қызығушылық бар аэропортты салатын инвесторларға.Тауға, мегаполиске жақындық бар. 

Басқарма басшысы құрылыс салуға қызығушылық танытып отырған шетелдік инвесторлар барын айтады. Шаһардың дамуы да ірі компаниялардың қаржысына есептелген. Қала негізгі төрт ауданға бөлінеді. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Біріншісі экономикалық орталыққа айналса, ал, екіншісі...

Болат Мұсылманбеков, Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

Академ қалашығы, медицина кластері болады. Үшіншісі замануи өндіріс қалашығы. Төртіншісі жағалауға жақын жердегі жасыл қала туристік аймақ болады.

Қазір мемлекеттің мойнында тұрған жұмыс- инженерлік желілерді тартып, инфрақұрылымды дамыту. Басқарма басшысының сөзінше, аумақта су көзі жеткілікті. Жылумен қамту және газ тарту мәселесі де зерттелген.

Болат Мұсылманбеков, Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

Жылу жүйесінің мәселесі газға байланысты. Біздің Қазақстан-Қытай газ құбыры бір емес екі газ құбыры біздің аймақтан өтіп жатыр. Газ жағынан лимиттер есептелініп қаралды. Газ жеткілікті. Су мәселесіне келсек жер асты Николаевка, Талғар су қоймалары бар. 

Әкімдік өкілдері бұл ұзақ мерзімді жоба екенін еске салады.Барлығы кезең-кезеңімен жүзесеге асса, 2050 жылға қарай Алатаудағы халық саны 1 млн 900 мың адамға жетеді деген өкіметтің ғаламат жоспары бар.

Азамат Сатыбалдиев, Еңбек ауылының тұрғыны:

Көріп жатырмыз ғой интернеттен. «Ойбай бәрі керемет болады» деп жатыр. Көре жатармыз. Оған дейін бармыз ба, жоқпыз ба шыны керек.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу