Мемлекет басшысы Дания Королі X Фредерикті құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Дания Королі X Фредерикті құттықтады

15.01.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дания Королі X Фредерикті құттықтап жеделхат жолдады.

«Сіздің басшылығыңызбен Дания өзінің орнықты дамуын, халқының әл-ауқатын еселеп, халықаралық аренадағы беделін арттыру жолындағы игі істерді жалғастыра беретініне кәміл сенемін. Қазақстан мен Дания арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген жан-жақты ынтымақтастық бірлескен күш-жігеріміздің арқасында алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор», – деп жазылған жеделхатта. 

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Патшайым лауазымынан мерзімінен бұрын өз еркімен кетіп, тақ мұрагері Фредерик ханзаданы Дания Королі ретінде жариялаған Маргрете II-ге де жеделхат жолдады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Дания арасындағы ынтымақтастықты дамытуға сүбелі үлес қосқаны үшін Маргрете ІІ-ге ризашылығын білдірді. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу