Мобильді аударым жасаудан бас тарқан 10 кәсіпкерге шағым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мобильді аударым жасаудан бас тарқан 10 кәсіпкерге шағым түсті

15.01.2024

Мобильді аударымдар арқылы төлем жасаудан бас тартқан 10 кәсіпкерге шағым түсті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше шағымның көбі төлем қабылдайтын электрондық құрылғының болмауына байланысты түскен. Алайда, кез-келген тұтынушы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға құқылы. Яғни, сатып алушы төлем әдісін өзі таңдайды. Енді аталған шағымдарға байланысты тиісті шара қолдану үшін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жан-жақты тексерісті бастады.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу