Мал ұрлаған 450 адам, 75 қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мал ұрлаған 450 адам, 75 қылмыстық топ ұсталды

15.01.2024

Мал ұрлығы әлі де тыйылмай тұр. Өткен жылдың өзінде төрт түлік барымталаған 450 адам, 75 қылмыстық топ ұсталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұрланған 8,5 мыңнан аса мал басының жартысы ғана табылып, иелеріне қайытарылған. Криминалдық полиция департаменті барымташылар жайылымда жүрген малды ұрлауға әуес дейді. Сондықтан негізгі сақтық шараларын ұмытпау қажет деп ескертті.

Жандос Батырбеков, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары:

Малды қараусыз қалдырмау үш жақты келісімшартқа отыру керек. Асыл тұқымды малдың бақылау үшін GPS-трекерлерді орнату керек. Мал басын міндетті түрде таңбалау керек, бұл болашақта ұрланған және жоғалған малды іздеуге, сондай-ақ ықтимал дауларды шешуге оң әсер етеді.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу