Маңғыстауда Қарақия ауданында 20 аққудың өлексесі табылды.
Теңіз жағалауында құстардың өлгені туралы мәлімет 11-қаңтар күні расталған. Алғашында 12, келесі күні тағы 8 өлген аққу табылған. Сондықтан полиция адамдардың теңіз жағасына баруына белгілі бір мерзімге дейін шектеу қойды. Ал аудан әкімдігі аталған жағдайға қатысты тиісті жұмыстар жүргізіліп, өлекселердің жойылғанын мәлімдеді. Айта кетейін, аймақта Қаракөл көлінің жағалауында аққулар қырылып жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша олардың саны мыңға жуықтады.
Аягөз Оралбайқызы