Былтыр 21 325 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Былтыр 21 325 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

15.01.2024

Былтыр 21 мыңнан аса этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Олардың тең жартысы Өзбекстаннан келген. Қалғаны Қытай, Моңғолия, Түрікменстан, Ресей және басқа да мемлекеттен қоныс аударғандар. Жалпы 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн 128 мыңнан аса этникалық қазақ оралды.

2023 жылы 21 325 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды:

ӨЗБЕКСТАН – 50,3%;

ҚЫТАЙДАН – 21,5%;

МОҢҒОЛИЯ – 10,2%;

ТҮРІКМЕНСТАН – 9,2%;

РЕСЕЙ – 6,8%;

33 жылда – 1 млн 128,3 мың қандас келді.

Былтыр Республиканың түрлі өңірлеріне жайғасқан қандастардың 60 пайызы еңбекке қабілетті, 30 пайзы кәмелет жасқа толмағандар. Қалғаны зейнеткерлер. Ал 15 пайызының білімі жоғары болса, 32 пайызынікі орта кәсіби. Олар қазір түрлі салада еңбек етіп, ел дамуына елеулі үлес қосуда.

2023 жылы қазақстанға қоныс аударған қандастар:

еңбекке қабілетті – 60,2%;

еңбекке қабілетті жастан кіші – 30,9%;

зейнеткерлер – 8,9%;

жоғары білімді – 15,3%;

орта кәсіби білімді – 32,4%;

жалпы орта білімді – 44,3%;

білімі жоқ – 8,3%.

Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу