Қостанай облысында майлы дақылдар өтпей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында майлы дақылдар өтпей жатыр

16.01.2024

Қостанайлық шаруалар жинаған майлы дақылдарын өткізе алмай отыр. Себебі ауа райының қолайсыздығынан өнімнің сапасы төмендеген. Мысалы тиісті нормаға сәйкес шемішкенің ылғалы 8 пайыздан аспауы қажет. Ал қазіргі көрсеткіш 30 пайызға дейін жеткен. Мұндай күйінде оны өңдеуші кәсіпорындар қабылдамайды. Ұзақ сақтауға да жарамайды. Қызып, шіріп кетуі мүмкін. Элеваторларға тапсырып кептіруге кезек көп және құны да қымбат. Биыл облыс аумағында 160 мың гектарға күнбағыс егілген. Шығымы гектарына 20 центнерге дейін дейін жетті. Алайда ауа-райының қолайсыздығы есіл еңбекті еш еткелі тұр. Майлы дақылдарды экспорттауға енгізілген баж салығы да жығылғанға жұдырық болды –дейді шаруалар.

Марат Ахметов, «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» Қостанай филиалының төрағасы:

Шығыны көп. Өйткені мынау кептіргіштің өзі 2 мың тенгеден, 30-35 тенгеден, тіпті 40 мың тенгеге барады кептірудің өзі ғана. Оны мына қалаға жеткізу керек. Если әлгі шетелге шығаратын болсақ, 50 мың тенге тағы пошлина төлейтін болсақ, ар жағында бағадан ештеңе қалмайды.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу