Қатты аязға байланысты көлік оталдыру кәсібі қызып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатты аязға байланысты көлік оталдыру кәсібі қызып тұр

16.01.2024

Астанада үскірік аяз. Бұл такси қызметі мен суықтан оталмай қалған автокөліктерді оталдырып ақша табатындардың бизнесін қыздырып тұр. Көлік оталдыратындар биыл сұраныс былтырғыға қарағанда көп дейді. 6 жылдан бері сервистік қызметпен айналысып жүрген Бекзат Терлікбаев, күніне 5-6 тапсырысты орындайды. (КЕСТЕ!) Мәселен, жеңіл көлікті оталдыру құны шамамен 10-15 мың теңге. Ал, жүк көліктеріне 20-25 теңге аралығында қызмет көрсетеді.

Бекзат Терлікбаев, жеке кәсіпкер:

Міне, жұмыс осы. Ең бірінші көлікті толық қоршап аламыз. Жылы палаткамен жақсылап ораймыз. Мына жағынан сквозняк кетпесін деп орап аламыз. Сол машинаны бір 15-20 минут қыздырамыз да, майын қараймыз. Майы сұйықтанса, көлік жылынды деген сөз.

Төтенше жағдай департаментінің мамандары көлікті от шығаратын құралдармен жылыту қауіпті екенін ескертеді. Бұл істе тек тәжірибелі мамандардың көмегіне жүгінген жөн деп отыр. Өйткені, суық түскелі елордада түрлі себеппен 45 автокөлік жанып кеткен.


Хабарламаларға жазылу