Осы күндері Каспий теңізі жағалауына жол түсіп бара қалсаңыз, күйсандықты көресіз. Аспапта құмарыңыз қанғанша ойнауға да болады. Ақы төлемейсіз. Бұл - Ақтаулық жастардың ұйымдастырған арнайы әлеуметтік жобасы. Олардың қалаға деген ыстық ықыластан туған бастамасын әкімдік те қолдай кеткен.
Көпшіліктің көңілін бірлеуге күйсандықтың ықпалы зор болмақ. Өйткені теңіз жағалауында серуендеушілер өз таныстарымен қыдырып қана қоймай осы музыкалық аспаптың жанында бас қосады. Осылайша теңіз жағалауы әсем әуенмен көмкеріледі.
Нысаналы ЫҒЫЛ