Алматыда соңғы бір жылда заңсыз салынған 22 нысан бұзылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда соңғы бір жылда заңсыз салынған 22 нысан бұзылды

17.01.2024

Алматыда соңғы бір жылда заңсыз салынған 22 нысан бұзылды. Бұған тұрғындардың шағымы себеп болған. Қала құрылысын бақылау басқармасы, былтыр салынып жатқан нысандарға мыңнан аса тексеру жүргізіп, құрылыс нормаларын бұзған компаниялардың үстінен сотқа 174 талап-арыз жолдаған. Олардың 81-і қанағаттандырылып, 93-і қаралып жатыр.

Сондай-ақ, әкімдік өкілдері тау бөктеріндегі бас-аяғы 54 ғимараттың заңсыз салынғанын айтып, 44 нысан бойынша сотқа жүгінгенін жеткізді. Оның 31-іне сот оң шешім шығарыпты, яғни сүреді деген сөз.

Айта кетейік, салынып жатқан нысандар бойынша толық әрі соңғы ақпарат алу үшін анықтама желісі қосылды. Whatsapp: 8-705-896-60-00.

Хабарламаларға жазылу