Алматыда жаңа әуежай терминалы ашылады. TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа құрылыс барысы туралы баяндады. Бүгінде жұмыстар 87%-ға аяқталған. Жаңа терминал биылғы маусымда ашылады деп жоспарланып отыр. Екі терминалдың әлеуеті жылына 14 млн жолаушыға қызмет көрсетуге жетеді.
Сонымен қатар ұшу географиясын кеңейтіп, сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Премьер министр. Айта өтейік, биыл наурыз айында Шымкент, мамыр айында Қызылорда қалаларындағы жаңа терминалдарының құрылысы аяқталады.
Оңғар Алпысбай