Транскаспий халықаралық дәлізін дамыту барлық ел үшін маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Транскаспий халықаралық дәлізін дамыту барлық ел үшін маңызды

19.01.2024

Транскаспий халықаралық дәлізінің өткізу мүмкіндігін 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін өсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Давоста өтіп жатқан жаһандық экономикалық форум кезінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. Қазірдің өзінде Ақтау және Құрық порттарындағы жүк тиеу 86 пайызға артқан. Былтыр бұл жолмен Қазақстанның 1,5 млн тонна мұнайы тасымалданған. Сондай-ақ министр орта дәлізді әрі қарай дамыту үшін бағыт бойындағы барлық ел ат салысуы керек деп атап өтті.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу