Бүгін Швейцарияның Давосында Дүниежүзілік экономикалық форум аяқталады. «Сенімді қайта орнату» деген жиынға жер-жаһаннан 2800-дей делегат қатысты. Төрткүндік кездесуде әлемнің саяси және бизнес элитасы жасанды интеллект, жалған ақпарат, климат, Таяу Шығыс пен Украинадағы соғыс мәселелерін талқылады.
Айта кетсек, сәуірдің 28-29-ы күндері Сауд Арабиясында арнайы Дүниежүзілік форум өтіп, онда жаһандық ынтымақтастық пен өсім және энергия проблемалары қозғалады.
Арыстан Рысбек