Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның Президенті Серджо Маттарелламен және министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесіп, келіссөздер жүргізген еді. Джорджа Мелони өзінің Instagram-дағы парақшасына Қазақстан Президентімен түскен суретін жариялады. Еуропадағы ең жас үкімет басшы екі ел арасындағы серіктестікті - «стратегиялық маңызды», ал қарым-қатынас деңгейін «өте жақсы» деп жазба қалдырған.