Жоғарғы сот министрлікті сурдлимпиада чемпионына сыйақысын төлеуге міндеттеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғарғы сот министрлікті сурдлимпиада чемпионына сыйақысын төлеуге міндеттеді

19.01.2024

Жоғарғы сот та чемпионға жақ. Енді Туризм және спорт министрлігі сурдлимпиадалық ойындар жеңімпазының жеңісін мойындап, сыйақысын төлеуге міндетті. 

Спортшы Еркебұлан Қанафиннің әділдік іздеп жүргеніне 1 жарым жыл болды. 2022 жылы Бразилияда өткен XXIV жазғы сурдлимпиада ойындарында 81 келі салмақта өнер көрсеткен сурдо-дзюдошы алтыннан алқа таққан еді. Алайда министрлік Қанафинге 250 мың долларлық ақшалай сыйлықты төлеуден бас тартқан. Себебі спортшы құжаттар бойынша Сурдлимпиадалық ойындардың құрама командасының құрамына қосылмай қалған. Есесіне Ұлттық спорт комитеті қалыптастырған құрама командаға кірген. Сол себепті де Жоғарғы сот шығарған шешімге сай, халықаралық спорт жарыстарында Қазақстанның намысын лайықты қорғап шыққан жеңімпаз Еркебұлан Қанафин ақшалай сыйлықты алуға құқылы.

Хабарламаларға жазылу