Астанада көз жанары көрмей қалған науқасқа жасалған күрделі ота сәтті аяқталды. Ұлттық нейрохирургия орталығы өте сирек кездесетін операция жүргізген. Айя Мүтәлі науқастың қазіргі жағдайын біліп қайтты.
Гүлмира Байдалиева осыдан үш ай бұрын инсульт алған. Дәрігерлер өмірін аман алып қалғанымен, науқастың көру қабілеті күннен күнге нашарлапты. Бір жанары 30 пайызға, екінші көзі мүлде көрмей қалған. Гүлмираның отбасының ота жасату үшін жүгінбеген жері жоқ. Соңғы үміті - Ұлттық нейрохирургия орталығы болды.
Гүлмира Байдалиева, Талдықорған қаласының тұрғыны:
Көз көрмеген қиын ғой. Өмір сүргің келмейді. Көрмесек қалай өмір сүресің деп ойлайсың. Бір адам өмір бақи сенің қасыңда жүру керек. Бір көзбен жүрдім.
Науқастың бас ми тамырлары кеңейіп, көздің жүйкесіне қысым көрсетіп тұрған, дейді дәрігерлер. Ал мұндай қауіпті диагнозға операция елімізде сирек жасалады. Сондықтан ота өте күрделі жағдайда өтті. Шамамен 15 сағатқа созылған.
Нұрсұлтан Махамбетов, дәрігер нейрохирург:
Операция бірнеше этапқа бөлінді. Операцияның мақсаты – жыртылған аневризманы толықтау жабу. Ішінде нервке қысым көрсетіп тұрды. Соның ішіндегі спиральді босату керек болды. Мақсатымызға жеттік.
Гүлжан Алдабергенова, Гүлмира Байдалиеваның әпкесі:
Біз көзімізге өзіміз сенбей, оң көзіңді жұм. Сол көзіңді жап деп тексердік шыны керек. Біз сенбей қуаныштан мамаға хабарласып, мама видеоға шығып, көрсетіп, қуанып, қуанышымызда шек жоқ. Өзіңнің туысқандарыңды көргеннен кейін қанат болады ғой.
Ал күрделі отаны науқас тегін жасатқан. Емге жұмсалған қаражат әлеуметтік медицинициналық сақтандару қоры есебінде жүргізіліпті.
Айя Мүтәлі