Бірыңғай уақыт белдеуі: Ақпараттандыру жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірыңғай уақыт белдеуі: Ақпараттандыру жұмыстары басталды

22.01.2024

Еліміздің бірыңғай уақыт белдеуіне өту шешімін ақпараттандыру бойынша құрылған жұмыс тобы Ақтөбе қаласына барды. Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері мен ғалымдар, жергілікті атқарушы билік органдарының басшыларымен, кәсіпкерлермен жүздесті.

Бірінші наурыздан бастап қазақстандықтар сағат тілін бір сағатқа кейін шегереді. Бұл өзгерістің елдің батысындағы облыстарға қатысы жоқ. Дегенмен, уақыттың өзгеруі сауда-саттық, логистика мен жолаушылар қатынасына әсер ететіндіктен, ақпараттық түсіндіру шаралары тұтас ел бойынша ұйымдастырылмақ. Ғалымдардың айтуынша, бір уақыт белдеуіне өту тұрғындардың денсаулығына да оң әсер етуі тиіс.

Әмір Қуат, биотехнолог:

Бір сағатқа регенерация қысқарып жатқандықтан, қазір елімізде онкологиялық, инсульт, инфаркт деген аурулар көбейіп кетті. Сондықтан UTC +5, бірыңғай уақытқа көшкендіктен, олардың түн ұйқысы бір сағатқа ұзарады.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу