Жетісу ауданданында жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу ауданданында жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды

22.01.2024

Алматының Жетісу ауданындағы «Кемел» шағын ауданында жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды. Енді 12 мың тұрғын осы қалалық №21 емхана филиалында толыққанды қызмет ала алады. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету орталығы бір ауысымда 200 адамға қызмет көрсетеді. Амбулаторияда 6 бөлім жұмыс істейді, заманауи талаптарға сай жабдықталған.

Ерлан Құдабаев, №21 қалалық емхананың бас дәрігері:

Жетісу ауданы бойынша білесіздер, өзекті мәселе үш-ақ емхана болатын. 21, «Құлагер» 11-ші емхана. Мына «Кемел» ауданындағы халықты біз қамтамасыз етіп отырғанбыз, 21 емханада. Бірақ арақашықтық 6-7 км болатын, халыққа өте қиындау болатын. Қаншама мамандармен қамтамасыз еттік, лор, хирург, стоматолог, аллерголог, гастроэнтеролог, эндокринолог, неврополог, солардың бәрі осында халыққа кеңес беріп отырады.

Әйгерім Ердәулетқызы


Хабарламаларға жазылу