Еуропа одағы елдерінің сыртқы істер министрлері Брюссельге жиналып жатыр. Саммитте талқыланатын негізі мәселе - Таяу Шығыс дағдарысын екі мемлекет формуласымен шешіп, аймақта ұзақмерзімдік бейбітшілік орнату. Осы одақтың сыртқы саясат жөніндегі комиссары Жозе Боррельдің пікірінше, Израильмен бейбіт қатар өмір сүретін Палестина мемлекетін құру процесін бастауға халықаралық деңгейде күш жігер жұмсалуы керек. Алайда премьер министрі бұл идеяға үзілді-кесілді қарсылық білдіріп келеді.