Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барады

23.01.2024

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес, 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады. Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді».

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында осылай жазды.


Хабарламаларға жазылу