Президент Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбековті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбековті қабылдады

23.01.2024

Президент мемлекет қайраткері, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбековті қабылдады. Әңгімелесу барысында, Қасым-Жомарт Тоқаев түркі тілдес мемлекеттердің мәдени, рухани, тарихи, саяси-экономикалық салалардағы байланыстарын нығайту қажет екенін айтты. Икрам Адырбеков, Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы, бүкіл түркі халықтарына ортақ тарихи шаһар ретінде дамыту үшін атқарылуы тиіс шаралар туралы ой-пікірімен бөлісті.

Хабарламаларға жазылу