Түркияда жер сілкінген қалалардан 3 млн-нан аса адам көшіп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда жер сілкінген қалалардан 3 млн-нан аса адам көшіп кеткен

24.01.2024

Былтыр ақпан айында алапат жер сілкінісі болған Түркияның оңтүстік шығысындағы қалалардан 3 млн 300 мың адам елдің өзге аймақтарына көшкен. Бұлардың 2 млн 200 мыңы жер сілкінген алғашқы аптада көшсе, қалған 1 млннан аса адам өзге қалаларға кейінірек қоныс аударғандар. Бұл мәліметті Түркия Президенті жанындағы Көші-қон саясаты және зерттеу орталығы таратып отыр. Апат болған аймақта барлығы 1 млн 500 мың адам үй-күйсіз қалған. Мамандар өзге аймақтарға көшкендердің көбі жойқын зілзаладан ең қатты зардап шеккен Хатай және Қахраманмараш қалаларының тұрғындары екенін айтады. Хатайдан жер сілкінісінен кейін 475 мың адам қоныс аударса, Қахраманмараштан 2 млн адам көшіп кеткен.

Барбарос Косиф, Мемлекеттік үй салу басқармасы басшысының орынбасары:

Былтырғы алапат жер сілкінісінен соң біз бірден қирандыларды тазалап, жаңа үйлердің құрылысына кіріскен едік. Бір жылға жуық уақыт ішінде апат аймағында 200 мыңнан аса көпқабатты үй салынды. Биыл тағы да 200 мың үй салуды жоспарлап отырмыз. Жаңа баспанаға ие болған 1 млн-нан аса отандасымыз қайтадан туған қалаларына келіп тұрып жатыр. 


Хабарламаларға жазылу