Ақтөбеде үрейлі хабарлама таратқандар іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде үрейлі хабарлама таратқандар іздестіріліп жатыр

25.01.2024

Ақтөбеліктер үрейленіп отыр. Себебі, белгісіз біреулер әлеуметтік желі арқылы мектептерге барып, балаларды атамыз деген хабараламалар таратып жатыр. Дегенмен, құқық қорғау органдары мен Білім саласына жауаптылар алаңдауға негіз жоқ екенін айтып, халықты сабырға шақырды.

Телеграмдағы күмәнді чаттар арқылы тараған мына хабарламаларда ондаған мектеп пен ойын-сауық орталықтарының тізімі көрсетілген. Сондай-ақ, өздерінің 20 адам екенін, ертең, яғни 26-шы қаңтар күні атуды бастаймыз деп қорқытқан. Бұл хабарламалардан ақтөбеліктердің шошып қалғаны рас. Тіпті, кейбіреуі балаларды сабаққа жібермейтінін жазып жатыр. Алайда, көбі абдырап, дүрлігуге негіз жоқ екенін айтады.

Ақалқа Кеңесқызы, қала тұрғыны:

Ауру балалар да көп. Мүмкін сондайлардың бірінің ісі болды ма, психикалық ауытқушылығы барлар көп қой.Сондайлардың бірі шығар деп ойлаймын. Жазған адам табылады, жазаға тартылады деп ойлаймын.

Бұл хабарламалардан кейін жалған ақпараттар да көбейді. Тіпті, номері 32-ші мектепте атыс болып, ата-аналардың балалаларын таба алмай жатқаны туралы да хабарлама тарады. Ол жерге облыс әкімінің өзі барып, ақпаратты жоққа шығарды. Ал құқық қорғау органдары мен Білім басқармасының өкілдері Ақтөбе қаласында әлеуметтік желілерде мектепті басып алу мүмкіндігі туралы таратылған хабарлама шындыққа жанаспайтынын хабарлады.Тек ресми ақпараттарға ғана сену қажеттігін ескертті. Қазір барлық мектепте сабақтар шттаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу амалдарын бастады. Жалған хабарлама таратқантарды іздестіруде.

Әсет Қалиев, қалалық полиция басқармасының бастығы:

Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылды. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз.

Жайық Сұлтан, облыстық білім басқармасының басшысы:

Бұл жағдай облыс әкімінің және құзырлы органдардың бақылауында. Және бүгінгі таңда жалған деп танылып отыр. Яғни, оқу процесін онлайн немесе қашықтан оқытуға бүгінгі таңда негіз жоқ.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу