Сирия жөніндегі Астана процесінің ХХI кездесуі қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирия жөніндегі Астана процесінің ХХI кездесуі қорытындыланды

25.01.2024

Сирия жөніндегі 22-ші халықаралық кездесу Астанада биыл өтеді. Бүгін Астана процесінің 21-ші Халықаралық кездесуі қорытындыланды. Жиынға Сирия мен Қарулы Сирия оппазициясы өкілдері келді.

Ал Ресей, Түркия және Иран кепілгер елдер ретінде екі жақты және үшжақты келіссөздер жүргізді. Мақсат – Сириядағы дағдарыс пен Таяу Шығыстағы гуманитарлық жағдайды қалыпқа келтіру. Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары – Әлібек Бақаевтың айтуынша Астана процессінің арқасында Сириядағы жағдай едәуір тұрақталып, қалыпқа келудің алдында тұр. Дегенмен, Газа секторындағы жағдай, Палестина-Израиль қақтығысының ушыға түскені, Йемен төңірегіндегі қақтығыс пен Израиль-Ливан шекарасындағы қиындықтар Сирияға әсерін тигізуі мүмкін. Екі күнге созылған кездесу барысында осы түйткілді шешу үшін халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру жағы талқыланды.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу