Қостанай облысында көбік кешіндегі кісі өліміне қатысты тергеу аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында көбік кешіндегі кісі өліміне қатысты тергеу аяқталды

26.01.2024

Қостанай облысында көбік кешіндегі кісі өліміне қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. Оқиға тамыз айында, Ұзынкөл ауданында болған. Жастар күнін атап өту барысында, көбік шоуы ұйымдастырылып, тоғыз жастағы қыз баланы тоқ соққан еді. Жеткіншек 18 күннен кейін ауруханада көз жұмды. Осы іс бойынша күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу