Қызылордада мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті

26.01.2024

Қызылордада мас күйде көлік мінген жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті. Жарақат алған тәртіп сақшысы қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Жол ережесін бұзған жүргізушіні патрульдік полиция тоқтатуға әрекет еткен. Алайда ол ескертуді елемеген. Қосымша көмекке шақырылған тағы бір полиция жасағының қызметкері көліктің алдынан жаяу шығып тоқтатпақшы болған. Бірақ жүргізуші тәртіп сақшысын қағып өткен.

Күдікті ұсталып, автокөлік айып тұраққа қойылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу