Жыл басынан бері Талдықорған қаласында 8 баланы ит қапты. Қазіргі таңда олардың бәріне қажетті екпелер салынып, амбулаториялық емделуге жіберілген. Ал өткен жылы Жетісу облысы бойынша ит тістеп, мысық тырнаған адам саны 800-ден асқан. Қаңтар айында қалада қаңғыбас иттердің қаптап кетуін құзырлы органдар ит аулаумен айналысатын мекемеге байқау енді жарияланғанымен түсіндіріп отыр. Биыл бұл жұмыстарға 172 млн-нан астам теңге қарастырылған.
Дина Қайыржанова, қала тұрғыны:
Міне күтіп аламыз қазір. Енді тегі әкімімізге айтатынымыз, иттің проблемасын шешіп берсе. Жосыған ит көп осы жақта. Сол балаларға қатер тиеді ғой балаларға.
Сондай-ақ Талдықорғанда иттерді оқшаулайтын тұрақты орын жоқ. Тендерді ұтқандар тек бір жылдың көлемінде қаржы біткенше ғана қызмет көрсетеді. Былтыр облыс бойынша 13 мың ит пен 160-қа жуық иесіз жүрген мысық ауланып, 10 мыңы ізгілік жолмен, яғни эфтаназия жасалып, көзі жойылды. Қалған үй жануарлары залалсыздандырылып, құлағына сырға тағылып, қайтадан ортаға жіберілген.
Дархан Әбілбаев, Облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
Біздің қаржы министрлігімен бекітілген. Біздің жергілікті әкімшіліктерде акимат дейміз ғой, районный акимат. Солар салуға тиісті питомникті. Қазіргі таңда жер бөлінді. Барлық аудандарда жер анықталды. Жобалық сметалық құжаттар дайындалып, біту үстінде. Талдықорғн қаласында мамыр айында құрылыс жұмыстары басталатын болып тұр.
Қуаныш Қанатұлы