Бала тәрбиесінде неге мән беру керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала тәрбиесінде неге мән беру керек?

28.01.2024

Балапанының балалық шағы бақытты өтуі өте маңызды екенін әрбір ата-ана біледі. Тек бала тәрбиесіне орай түрлі көзқарас, түрлі пайым бар. Бұл да заңды. Бірақ бәріміздің бір қоғамда, бір мемлекетте өмір сүретінімізді және Әл-Фараби жазатын, арманымыздағы «қайырымды қала» құрудағы маңызды фактордың бірі әрбір азаматтың ниеті мен өресі екенін ескерсек, талқылайтын тақырып. Бірден айтайық, түрлі бөліктен тұратын күрделі тақырып.

Мысалы, психология саласындағы кей маманның пікірінше «Баланы өбектеген сайын стреске қарсы тұруын әлсіретіп жатырмыз». Ал соңғы жылдары баланы тек мейірімге шомылдырып өсіру керек дегенді көп еститінбіз.

Баланы жетелеу, жол көрсету, бейнелеп айтқанда дүниеге сыймай өрекпеген жасөспірім шағында абдырамай, сол кезеңнен бірге өту тағысын тағы, сұрақ өте көп... Цифрлық заман ағымынан туған ситуацияларға орай шешімдер бар ма? Кімнің және қандай ілімнің көмегіне жүгінеміз? Шатастыратын псевдопсихологтар да аз емес... Өзімізді кіршіксіз көретін кезіміз де бар. Амангелді Сейітхан материал дайындады.

Балнұр мен Әлидің 2 қызы бар.Екеуіне де уақыт бөлеміз, ойнаймыз, қыдырамыз. Бірақ, күн сайын бала тәрбиесіндетүрлі қиындық шығып жатыр,-дейді олар. Материалдық емес. Оларға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айтудағы екі ойлылық.

Балнұр Қожагелді, қала тұрғыны:

Біз мынадай кезеңге тура келіп қалған сияқтымыз. Біздің мамаларымыз, әжелеріміз бәрінде бір ақпарат болды. Әлеуметтік желі, интернет жоқ, ақпарат аз болды да. Ал, біздің заманымызда келген кезде ақпарат өте көп боп кетті. Біз мына жақтың ақпаратын алып өстік. Соған қосымша екінші жақтан ақпарат келеді де, біздің осыған дейін алған ақпаратымыздың бәрін мүлде жоққа шығарып жібереді.

Шынында ютуб, тик-ток, инстаграммқай-қайсысы да қазір бала тәрбиесіне қатысты ақыл-кеңеске толып тұр. Бірі батыстың тәжірибесін мақтайды, бірі шығыстың көзқарасын жақтайды. Ішінен керегін табу қиын.

Қазим Мұстахимұлы, «Балаңызды гаджеттен қорғаңыз!» кітабының авторы:

Өкінішке қарай біздің қоғамда бала тәрбиесіне қатысты шынайы түрде ақпарат беретін орталықтар мен кеңістіктер және мамандар өте аз.

Сондықтан болар, тағы бір байқағанымыз,желідегі кеңестердің көбін имамдар немесе діни атрибуты бар киімдегі келіншектер айтып отырады. Ал, психологияжан-жақты ілім екенін ескерсек, бұл үрдіске мамандар не дейді?

Қанат Маратұлы, психолог, дінтанушы:

Қазір өзі солай болып кетті ғой. Дінді қосады дағы, аудитория жинау үшін. Пайғамбардың хадисін қосады, құраннан бір аятты қосады да. Пайғамбарымыздың хадисін 1 рет оқитын болсаң оны қойшы адам өз санасында түсінеді. Әкім болса тек қана бала тәрбиесі емес алдындағы халықпенен бірақ түсінеді. Ал оны өз түсінігіне сыйғызадыдағы өзінің түсінігінде халықтың алдына шығарып жатыр қазір.

Елжас Ертайұлы, «Бақытты отбасы» кеңес орталығын құрушы, коуч-тренер:

Мағжан атамыз бала тәрбиесі өте үлкен өнер дейді. Өнер болғанда да ғылым сияқты. Сондықтан да, ол діни жолда болсын болмасын бірақ, саланы толыққанды зерттемей ел алдына шығып, әйтеуір өзінің тәжірибесімен ақыл айтуға тырысатын болса, бұл көп жағдайда қиындықтар алып келуі мүмкін.

Бала тәрбиесіне қатысты 6 кітап жазған Елжас Ертайұлы қазақстандық ата-аналардың қателіктерін айтты.

Елжас Ертайұлы, «Бақытты отбасы» кеңес орталығын құрушы, коуч-тренер:

Ата-аналардың көбі балалардың материалдық қажеттіліктеріне ғана көңіл бөлуде десек болады. Яғни, қарны тоқ, көйлегі көк деген сияқты. Екінші қателік Егер сіз тек қана еркелетіп, тек қана жақсы көріп, өбектеп оған ешқандай жауапкершілік бермейтін болсаңыз оның бүкіл қажеттіліктерін өзіңіз шешіп беретін болсаңыз баланың орнына бәрін өзіңіз істесеңіз бала өз бетімен өмір сүре алмайды. Стресске төтеп бере алмау деген проблема туындайды негізінен.

Осы тұста бір жақты шешім қабылдай алмай тағы қиналамыз,-дейді Балнұр.

Балнұр Қожагелді, қала тұрғыны:

Мысалы, психологтар айтады, балаға мүлде ұрсуға болмайды деп. Ал, кейде ұрыспасаң болмайтын жағдайлар болады. Бір ойыншықты немесе бір затты алғысы кеп тұрады. Соны әперейін десең бүкіл нәрсеге оңай қол жеткізіп үйрене ме деп тағы ойлайсың. Ал, екінші жағынан балада қазір травма пайда бола ма деп тағы ойлайсың.

Елжас Ертайұлы, «Бақытты отбасы» кеңес орталығын құрушы, коуч-тренер:

Бала бірнәрсе сұраған кезде мұны күттіруге болады. Мысалы, мұны саған 1 аптадан кейін алайық немесе демалыс кезінде алайық деген секілді уақытқа күттірсек сіз күттірген болып, оңай келмейтінін түсіндіресіз әрі алып беру арқылы оның қолын жеткізесіз.

Бұл әдіс дүкенге қатысты.Ал, телефон сұрап бағынбай қойғанда қайтпек керек?«Балаңызды гаджеттен қорғаңыз!» деп кітап шығарған маман не дейді?

Қазим Мұстахимұлы, «Балаңызды гаджеттен қорғаңыз!» кітабының авторы:

Жалпы балалардың экранға тәуелді болуы бірінші ата-ана өзіне экранға деген тайм-менеджментін дұрыс қоюы керек. Осы саланы зерттеп жатқан мамандардың ұсынысы бойынша балаға 6 жасқа дейін күніне 1 сағат, 12 жасқа дейін күніне 2 сағат өлшеммен қарауға рұқсат еткен.

Балнұр Қожагелді, қала тұрғыны:

Бергің келмейді телефонды. Бірақ, беру керек жағдайлар болады. Мысалыға мен қазір үйден жұмыс істеймін. Олар маған кедергі келтіреді. Амал жоқ телефон беруге тура келеді.

Қазим Мұстахимұлы, «Балаңызды гаджеттен қорғаңыз!» кітабының авторы:

Мұның түбі неге апарады. Көп ата-ана баласының кім екенін танымайды. Баласының кімнің ақпараттарымен өсіп жатқанын, кімнің құндылықтарымен сусындап жатқанын білмейді. Сөйтіп, баласы белгілі бір жасқа балиғатқа толған кезде өзі сөйлей алатын, өзі жүре алатын, өзі шешім қабылдай алатын жасқа келген кезде баласын танымайды. Түсініспеуішілік басталады.

Қанат Маратұлы, психолог, дінтанушы:

Түсініспеушілікті біз өзіміз жасаймыз.Оны жасамау үшін уақытында баламен санаса білу. Ол қалай? Бала үйде алысып жүруі мүмкін. Тоқтат, қой, тыныш отыр. Жоқ, баса берудің қажеті жоқ. Керісінше, тура соны көрдің бе? Икемі қайсыған, күрес пе, бер, бокс па, бер. Оның бойында жиналып тұрған энергия.

Нұрхан Нығметов, қала тұрғыны:

Бала тәрбиесін қиындатуға болмайтын шығар. Өйткені, бұлар тек қана қайталап өмір сүреді.

Нұрхан мен Адияның кішкентайы Ахмедияр 7 жаста. Олар баланы қалай тәрбиелеу деген бағытта бірнеше кітап оқыған. Не істеу керегін де біледі. Бірақ, уақыт табу қиын,-дейді. Өйткені, баланың қалауы да, талабы да көп.

Нұрхан Нығметов, қала тұрғыны:

Конькиге барамыз. Өзіміз тепкіміз келмесе де кейде коньки киіп ап соның жанында жүруге тура келеді. Одан кейін үйде шахмат ойнаймыз. Өзі үйде 4 хоббиіміз бар. Коньки, шахмат, суда жүзу және футбол.

Адия, қала тұрғыны:

Әкесі жұмыста болса да папасын қайталайды екен. Папасының сөзін, папасының ойланғанын тура енді папасы.

Шынында «Бала ата-ананың айнасы» деген сөз бар. Ол не көреді, соны істейді.Оған қатысты зерттеулеркөп. Соның бірі психолог Альберт Бандураның «Бобо қуыршағы»эксперименті. Бізде Астанадағы балабақшалардың бірінде ата-аналардың рұқсатымен соны жасап көрдік.

Аманкелді Сейтхан, тілші:

Бір ғана экспреиментпен шешім шығаруға болмас.Бірақ, бұл әлемде танымал эксперимент. Түрлі елдер өткізген. Көбінде балалар көргенін қайталаған. Мүмкін бұл бізге сабақ болуы тиіс. Өйткені, бала экспермимент құралы емес.Ол ақыл-есі толғанша ненің жақсы ненің жаман екенін де анықтай алмайды. Ал оларға соны анық көрсетуге біздің ой-санамыз жете ме? Бала тәрбиесіне дайынбыз ба?

Аманкелді Сейтхан


Хабарламаларға жазылу