Қарағандыда нөмірі 40-шы қоғамдық көліктің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол вокзал бұрылысына қатты келіп, көлік басқаруына ие бола алмай, бағдаршамды соққан. Екпіні күшті болғаны сол, тіпті бағанды түбімен суырып алған. Абырой болғанда жолаушылар, көшедегі жаяу жүргіншілер зардап шеккен жоқ.
Автобус астында қалған бағдаршамды бірнеше көтергіш құралды пайдаланып зорға суырған. Полиция жол ережесін бұзған жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Енді ол айыппұл мен қатар бағдаршамның құнын да өтейді.
Руслан Нұрланұлы