Ұлыбританияда қазақ-ағылшын сөздігінің тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда қазақ-ағылшын сөздігінің тұсауы кесілді

29.01.2024

Оксфорда қазақ-ағылшын сөздігінің тұсауы кесілді. Осылайша ана тіліміз әлемдегі ең танымал сөздік желісіне еніп, ғаламдық лингвистикалық ортаға қосылып отыр.

Әлемге әйгілі Оксфорд университетінің баспасы өз сөздіктерін 150 жылдан бері шығарып келеді. Содан бері ол ірі тілдерді біріктіретін алып платформаға айналды. Қазақстандық тарап алғаш рет бұл бастаманы осыдан 4 жыл бұрын қолға алған.

Саские Брюске, Оксфорд университеті баспасының өкілі:

Осы жобаның бір бөлігі болғанымызға өте қуаныштымыз. Біздің миссиямыз тілге қатысты деректерді өндіру және тарату.

Ағылшын тіліндегі лексикасы мен методикасына Оксфорд университетінің баспа ісі араласса, қазақ тіліндегі бөлігіне Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты үлес қосқан.

Рауан Кенжеханұлы, «Қазақ тілі» қоғамының президенті:

Бұл сөздік ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен жасалып отыр. 10 мың данамен таралып еліміздегі барлық оқу орындарына жетіп жатыр.

Қазақ тілі ғылым және технология тіліне айналуы керек. Сөздіктің осы бағытта берері мол. Тұсаукесерге жергілікті академиялық орта, студенттер қауымы және қазақстандық өкілдер қатысты.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу