Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан адамға қандай жаза қолданылуы керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан адамға қандай жаза қолданылуы керек?

29.01.2024

Дәрігерлерге қатысты осындай келеңсіз жайттар соңғы 5 жылда жиі тіркеліп жатыр. Кейбір ақпарат агенттіктері таратқан мәлімтке сүйенсек, 2019 жылы 13 дерек болса, одан кейінгі жылы – 17, ал 22-де – 19 және былтыр – 55 заң бұзушылық анықталған. Ақ халатты абзал жандар деп, дәрігердің мәртебесін көтеретін едікк емес пе?! Ал, күні кеше болған оқиғаға қатысты халықтың пікірі қандай? Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан адамға қандай жаза қолданылуы керек?

Асқар Диянов, қала тұрғыны:

Жедел жәрдемде жүрген, өздері көмекке келіп тұрған жігіттер. Ана жерде не болып жатқанын қайдан біледі? Ол да бір ауруға, балаға келдім деп тұр ғой енді. Олай істеуге болмайды, жазаға тарту керек. Біздің уақытта ондай істеу дегенді білмейтінбіз, болған да жоқ ондай.

Оңғар Қабден, қала тұрғыны:

Жалпы жедел жәрдем жүргізушісін ғана емес, соңғы кезде медицина қызметкерлерін ұрып-соғу көбейді. Бұл мәдениетсіздік емес, бұл таза қылмыс. Жедел жәрдем жүргізушісін ұрып тастады, ал баланы шұғыл ауруханаға апару керек болды, сонда кім апарады оны? Яғни қоғамда қазір қатаң заң керек, халыққа ағартушылық жұмыстар керек.

Марғұлан Бәкір, қала тұрғыны:

Мәдениеттің жоқтығы өкінішке орай біздің қоғам деградацияға кетіп бара жатыр деп айтсақ болады. Сол себептен мұны қатаң жазалау керек. Қазіргі таңда сергек бар, әр түрлі құралдар бар. Кім жол бермейді, кім кешегіндей орын алған оқиғадағыдай қол көтеріп жатса ол қатаң жазалануы керек.

Бауыржан Ерман, ақын:

Қазір қоғамда ең біріншіден адамдардың бір-біріне деген сыйластығы, адамгершілік қасиеттері төмендеп бара жатқан сияқты. Енді барлығы емес, арасында сондай адамдар көп.

Самрат Құскенов, Петропавл қаласының тұрғыны:

Заңды тұрғыдан болсын, адамгершілік қасиеттен болсын, қылмыс деп есептеймін. Сырт көзге өзін иманды қылып, 5 уақыт намазын оқитындай образға кіріп, сақал қоятын азамттар, азаматшалар күннен күнге көбейіп жатыр. Адамды емес, Алланы алдау деп есептеймін.


Хабарламаларға жазылу