Елімізде медициналық сақтандыру жарнасы 5 есе артуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесіне осындай өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр. Тіпті ол үшін тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр. Егер ол қабылданса, міндетті медициналық сақтандыруға ең жоғарғы аударым жұмыс берушілер үшін 25 мың теңгеден 127 мың теңгеге дейін, ал жалдамалы қызметкерлер үшін 17 мыңнан 85 мың теңгеге дейін көтеріледі.
Кейбір сарапшылар жарнаның бұлай бірден 5 есе өсуі салық төлеушілерге салмақ салуы мүмкін деп санайды. Дегенмен медициналық сақтандыру қоры өкілдерінің айтуынша құжат халықаралық тәжірибеге сай әзірленген. Оның үстіне бұл жалақысы 850 мың теңгеден жоғары қызметкерлерге ғана қатысты.