Ал Алматыда бүгін түнде кезекті рет жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрі қайталынып жатқан осы табиғи құбылысқа қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды. Өйткені құтқарушылардың жұмысына қатысты сын көп. Министр Сырым Шәріпхановтың да қол астындағылардың қызметіне көңілі толмай отыр. Сондықтан бөлімшелердің төтенше жағдайларға қаншалықты дайын екенін тескеріп, жер сілкінісі болған жағдайда жедел әрекет етуді тапсырды.
Досжан Маратұлы