Оралда дәмханадағы жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда дәмханадағы жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ

30.01.2024

Дәл осыған ұқсас оқиға, қаңтардың 4-і күні Оралдағы «Ризық» дәмханасында болған еді. Жарылыс арты өртке ұласқан болатын. Үйінді астынан үш адамның денесі табылды. Алты адам құтқарылды. Зардап шеккендер бір айға жуық ауруханада жатып, күні кеше үйлеріне жіберілді. Газ бен ауа қоспасының дүмпуінен екі қабатты ғимараттың оң жақ қабырғасы қирап, төбесі опырылып ортасына түскен болатын. Жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ. Тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның неден шыққанын тергеп жатқан төтенше жағдай департаментінің анықтаушылары сараптама қорытындысы дайын емес деді.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу