Солтүстік Қазақстанда көмір бағасы 12 пайызға қымбаттады. Қазір қатты отын тонннасына 12-19 мың теңге аралығында саудаланып жатыр. Жалпы облыс аумағында халыққа тұрмыстық қажеттіліктерге көмір сатуға арналған арнайы 32 орын бар, оның 4-еуі Петропавлда орналасқан. Қатты отынды бөлшек саудада 24 кәсіпорын сатады.
Григорий Коваль, Петропавл қаласының тұрғыны:
Зейнеткермін. Бұл баға мен үшін қымбат. Бірақ, амал жол. Құны қанша болса да, көмірді қажетті мөлшерде сатып алуға мәжбүрміз.
Өңір тұрғындары жылыту маусымында орта есеппен 419 мың тонна көмір тұтынады. Әкімдік өкілдерінің айтуынша қатты отынның қоры жеткілікті. Мониторинг жүргізген мамандар бағаның қымбаттауы бірнеше факторға байланысты екенін айтады.
Аслан Әлібаев, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті басшысының міндетін атқарушы:
Кен орындарының өзінде көмірді сатып алу бағасының өсуімен тікелей байланысты. Сондай-ақ теміржол тарифтерінің өсуі, сондай-ақ вагнодарды тасумен байланысты, жұмыстардың, яғни маневровые работы, еңбекақы төлеудің өсуімен байланысты өз бағасына өз әсерін тигізеді.
Эльмира Кәленова