Түркияда шіркеуде бір кісіні өлтірген қылмыскерлер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда шіркеуде бір кісіні өлтірген қылмыскерлер ұсталды

30.01.2024

Стамбұл қаласындағы Аве-Мария католик шіркеуінде бір адамды атып өлтірген қылмыскерлер ұсталды. Екі күдіктінің бірі Ресей, екіншісі Тәжікстан азаматы екені анықталды. Түркияның Ішкі істер министрі олардың ДАИШ террорлық ұйымының мүшелері болуы мүмкін екендігін айтты. Қылмыскерлерді іздеу барысында полиция қызметкерлері 30-дан аса үйге тінту жүргізіп, осы қылмысты ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен 47 адамды қамауға алды. Аталған қылмысқа қатысты Рим Папасы Франциск пікір білдіріп, Стамбұлдағы Аве-Мария шіркеуі жамағатымен біргемін деді.

Мұрат Жиһан, қайтыс болған кісінің туысы:

Таңертең үйден қыдырып келемін деп шығып кеткен. Ағамыздың мүгедектігі де бар. Шіркеудің ішіне жай ғана қарап көру үшін кірген. Ешкімге зияны жоқ, құмырсқаны да ренжітпейтін періштедей адам еді. Қылмыскерлердің одан не алмақ болғандары белгісіз.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу