Өзбекстанда 10 келіге жуық есірткіні цементпен бірге тасымақ болған адам құрықталды. Хорезм облысында жүк көлігін тінту кезінде одан тыйым салынған зат табылған.
Құрылыс материалының арасынан он қапшыққа салынған ұнтақ шықты. Бұл туралы елдегі мемлекеттік қауіпсіздік қызметі хабарлады. Белгілі болғандай есірткі Тәжікстаннан контрабандалық жолмен жеткізілген екен. Күдікті оны Самарқаннан Хорезмге апара жатқан. Тергеу барысында анықталғандай анашаға тапсырыс берген Үргіт ауданының 53 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол бұған дейін де есірткі саудасына қатысты үш рет сотты болған.
Базаркүл Отыншиева