Ақтөбеде кәсіпкерді қорқытып, 35 миллион теңге талап еткен күдіктілер ұсталды. Полиция департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс шаралары барысында екі адамды ұстады. Олар Ішкі істер органдарының есебінде тұрған. Құқық қорғаушылар екеуін де ақшаның бір бөлігін алып жатқан сәтінде қолға түсірді. Күдіктілерден бұған дейін жәбірленушіден алынған 4 миллион теңге, бірнеше ұялы телефон, банк карталары мен пышақ тәркіленді. Қазір «Бопсалау» фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Ж. Кемал