Францияда Париж Олимпиадасына дайындық қызу. 15 мың атлет келеді деп жоспарланып отыр. Оларға күніне 40 тонна азық-түлік қажет деген есеп-қисабы да шығарылған. Мұнша көкөніс пен дәнді дақыл және түрлі өнімдер, жарысқа келетіндерге ас дайындауға жұмсалады. Спортшыларға арналған ас мәзіріне жауапты бас аспаздардың бірі Шарль Гийойдың айтуынша, азық-түліктің 25 пайызы жергілікті өнім болмақ. Шілденің 10-нан қыркүйектің 12-не дейін әлемнің түкпір-түкпірінен келер атлеттердің астан ләззат алуына 300 аспаз үлес қосады.
Шарль Гийой, бас аспаз:
Француз жасыл жасымығынан дайындалған даль - олимпиадашыларға арналған 550 түрлі тағамның бірі. Күніне тағамның 40 түрін ұсынып, 40 мың порция әзірлемекпіз. Өзінің диетологы жоқ спортшыларға ас мәзірін құруға көмектесер мамандарымыз да болатынын айта кеткен жөн.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Париж Олимпиадасы: Спортшыларға 550 түрлі ас дайындалады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/188451/)