Маңғыстау облысында теміржолшыларға арналған модульдік ғимараттар орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында теміржолшыларға арналған модульдік ғимараттар орнатылды

31.01.2024

Маңғыстауда теміржол бекеттерінің жұмысшыларына арналған модульдік ғимараттар орнатылды. Жаңа нысандар Бейнеу-Маңғыстау станциялары арасында елдімекендерден қашықта орналасқан 13 бекетке қойылды. Мұнда жұмысшылардың түскі үзілісте тынығуына барлық жағдай жасалған. Төсек орынмен қатар, тұрмысқа қажетті жабдықтардың бәрі бар. Модульдік ғамараттар «Белгі беру және байланыс» дистанциясының жұмысшыларына арналған. Олар теміржолда байланыс құрылғыларындағы ақауларды жөндеп, пойыздардың қозғалысын реттейді.

Наурызбек Есмағанбетов, №16-шы бекеттің электр-механигі:

Бұрын біздер ескі ғимаратта түскі асымызды құрылғы тұрған бөлменің ішінде ішетін едік. Қазір енді шүкір жақсы демалатын орнымыз түскі ас ішетін жеріміз бар. Осында келіп ары қарай жұмысымызды жалғастырамыз.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу