Елордалық керлинг шеберлері Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Канвон қысқы жасөспірімдер олимпиадасында алғашқы жеңіске қол жеткізді. Аралас жұптық жарыста өнер көрсеткен ағайынды Мерей мен Ибрагим, Италиядан келген спортшыларды 10-2 есебімен жеңді. Естеріңізге салайық, ертең Астана уақытымен сағат таңғы 09:30-да ұлттық құрама Данияға қарсы шешуші ойын өткізеді.
Тәуірбек Бозекен