![Ертең елордада «Ғасырлар пернесі» атты Ахмет Жұбановты еске алу кеші өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1218.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасының қонағы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов хабарлады.
Шығармашылық кеште Ахмет Жұбановтың халық аспаптар оркестрі және фортепиано сияқты аспаптар үшін жазылған туындылары орындалады.
Сонымен қатар, студия қонағы – ҚР Еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Әбілов Мұхтар Әуезов либреттосына Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди арнап жазған «Абай» операсынан Абайдың ариозосын орындады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ертең елордада «Ғасырлар пернесі» атты Ахмет Жұбановты еске алу кеші өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/18851/)