Оралда жазасын өтеуші үш дәрігерді ұрып-соққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда жазасын өтеуші үш дәрігерді ұрып-соққан

01.02.2024

Оралдағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуші, өзін емдеген үш фельдшерді соққыға жаққан. Біреуі белінен шойырылса, енді бірінің ерні жыртылып, тағы бірінің қолы көгерген. Айтуларынша, жазасын өтеуші өзіне жасалар ем-доммен келіспей, балағат сөздер айтқан.Осы оқиғадан қатты қорқып қалған мамандар абақтыда қауіпсіздіктің күшейтілуін талап етіп отыр. Әйтпесе, жұмысқа шықпаймыз дейді. Қатаң режимдегі РУ-28 колониясында ауыр қылмыс жасаған 800-дей адам жазасын өтеп жатыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Қарағандыда жуырда ер адам жедел жәрдемнің көлік жүргізушісін соққыға жыққан еді. Бұзақы әлі табылған жоқ. Ел ішінде жедел жәрдем қызметкерлерін қорғауды талап ететін петиция жарияланды. Соңғы кезде мұндай шабуылдар жиілеген. Сондай-ақ, осы күнге дейін ақ халаттылардың құқығын қорғайтын бірде бір заң жобасы әзірленбеген дейді.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу