Елімізде былтыр 5 мыңнан астам тұрғын вандализм жасаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде былтыр 5 мыңнан астам тұрғын вандализм жасаған

01.02.2024

2023 жылы 5 мыңнан астам тұрғын вандализм жасаған. Атап айтқанда, бұзақылар жасыл желектер мен ағаштарды жойып, аялдамаларды қиратқан. Лифттерге және басқа да инфрақұрылымдық, сәндік нысандарға зақым келтірген. Бұл туралы сенатор Андрей Лукин айтты. Ол өзінің депутаттық сауалында вандализммен күресті күшейту керек деді.

Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Вандализм үшін жауапкершілікті күшейтуді және заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді ұсынамын. Ол үшін халықаралық тәжірибеге сүйеніп, креативті индустрия өкілдерінің көмегіне жүгіну керек. Олар өз өнімдері арқылы бұзақылықтың алдын алып, халықтың әсіресе жастардың мәдениетін көтеруге ықпал етеді. Яғни, вандализмнің заңсыз әрекет екенін қоғамға қолжетімді тәсілмен түсіндіреді.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу