Ақтөбе облысында теміржолшыларға жаңа көлік берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында теміржолшыларға жаңа көлік берілді

02.02.2024

Теміржолшылардың еңбек қауіпсіздігін арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасады. «Қазақстан темір жолы» өкілдерінің айтуынша, қазір әр аймақтағы станцияларға жұмысшылардың дем алуына арналған модульдер мен көліктер беріліп жатыр.

Шет елде құрастырылған осындай техниканың бірі - Ақкемер станциясының жұмысшыларына табыс етілді. Енді жұмысшылар қалың қар мен балшыққа қарамастан темір жол бойындағы кез келген нүктеге оңай жете алады. Қазір бұл станцияда он төрт адам еңбек етеді. Олар соңғы жылдары әлеуметтік жағдайларының барынша түзелгенін айтады. Биылдан бастап жыл сайын алатын сайақылары да көбейген. Республика бойынша бір жылда теміржолшылардың жағдайын жақсарту мақсатында 320 ұсыныс қаралып, оның 72-сі шешімін тапқан.

Жақсылық Алмағамбетов, теміржолшы:

 Бұрын «Уаз» терминал көлігімен жүрдік. Қазір беріліп жатқаны Қытай мемлекетінен шыққан «Дон фенг» деген жол талғамайтын машина. Өте жақсы машина. Жүргізушіден бөлек, 6 адамға арналған. Іші кең. Артында құрал-сайман салатын борты бар.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу