Алматыда Қазақстан мен Ресейдің үкімет басшылары келіссөздер жүргізді. Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен сауда, инвестиция, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы мен білім беру салаларындағы мемлекетаралық мәселелерді талқылады. Оның ішінде қазақстандық көмірді Ресей арқылы тасымалдау жағы жан-жақты қаралды. Әлихан Смайылов екі ел арасындағы қарым-қатынастың ілгері дамып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Өткен жылы 11 айдың өзінде тауар айналымы 24 млрд долларға жеткен. Михаил Мишустин қос ел арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға аса мән беретінін атап өтті.
Айя Мүтәлі