Шымкентте қызылша жұқтыру 1,3 есеге азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қызылша жұқтыру 1,3 есеге азайды

02.02.2024

Шымкентте қызылшаның таралуы 1,3 есе төмендеп, эпидемиологиялық ахуал тұрақталды. Оған тұрғындарды жаппай иммундау мүмкіндік берді. Шаһарда екпе алуы тиіс болған 118 мың адамның 98 пайызына вакцина салынған. Медициналық ұйымдарда екпе салу бекеттері әлі де тұрақты жұмыс істеп тұр. Жалпы жыл басынан бері қалада 526 адамның қызылша жұтырғаны анықталған. Ал соңғы тәулікте небәрі 17 адам осы сырқатпен дәрігерге барған.

Айгүл Тұрымбетова, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Қызылшамен ауырған адамдарды талдай кететін болсақ әлі де 1 жасқа дейінгі балалар жоғары көрсеткіш көрсетіп тұр. 2 мен 5 жасқа дейінгі сонымен қатар көрсеткіші жоғары тұрған 30 жастан жоғары адамдар.

Ғани Қалмаханов




Хабарламаларға жазылу