Алматыдағы жер сілкінісінен кейін ондаған ғимараттың қабырғасы сөгіліп, жарықшақтар пайда болған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин мәлімдеді. Оның айтуынша, жер дүмпуінен кейін 188 тұрғыннан баспанасының зақымданғаны жөнінде хабар түскен. Оның 70-і көпқабатты үй. Жұмыс тобы бұл нысандарды жан-жақты сараптамадан өткізіп жатыр. Апатты жағдайдағы немесе жөндеу жұмыстарын қажет ететін ғимараттар жайында ақпарат жақын арада беріледі», - деді әкім орынбасары. Әлеуметтік нысандар мемлекет қаржысына жөнделеді.
Айя Мүтәлі