Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. Ол президентке палатаның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарlы баяндады. Бір жылдың ішінде ішінде 19,5 триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы бойынша 208 нысанға 20 аудиторлық тексеріс жүргізілген. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ресурсының жұмсалу тиімділігін одан әрі арттыруға, Жоғары аудиторлық палатаның жаңа өкілеттіктерін іске асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.